ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. 1999 жылдың 4 қазанында алғашқы эфир жарыққа шықты. Тәулігіне 15 сағат хабар таратады. Мемлекеттік тілде - 70 пайыз. Өзіміздің төл туындымыз - 50 пайыз, олардың ішінде жаңалықтар - 23 пайыз, хабарлар - 27 пайыз, кино өнімдері - 47 пайыз және жарнама - 3 пайыз.

Филиалдың штат саны - 81

Филиалда бекітілген құрылымға сәйкес 5 бөлім бар. Олар әкімшілік, жарнама бөлімі, телебағдарламаларды дайындайтын шығармашылық қызмет бөілімі, техникалық қызмет көрсету бөлімі, кіші қызмет көрсету бөлімі

Хабар тарату аумағы: «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының 15 сағаттық телехабарлар «Отау ТВ» сандық телевидениясы арқылы тарайды.

Филиалдың негізгі ақпараттық бағдарламасы «Аймақ ақпарат» деп аталады. Аптасына 5 күн, күніне 6 рет эфирге шығады.

Филиалда 26 хабар бар. Олардың негізгілері: «Өңір өрнегі», «Картина недели», «Өзекті әңгіме», «Актуальная тема», «Имею права», «Ақмола КZ», «Танымал», «Точка зрения»