ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

Айгүл Бекетқызы Мырзақұлова

Айгүл Бекетқызы Мырзақұлова, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалының редакторы

1984 жылы 25 қаңтарда Қызылорда қаласында туылған.

2001 жылы С. Әлжіков атындағы қазақ орта мектебін бітірді. 2006 жылы Қоркыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Журналист» мамандығын тамамдады.

Оқуды аяқтағаннан кейін, Қызылорда қалалық «Сета» радиостанциясында және «Форум» облыстық, қоғамдық-саяси, жастар газетінде журналист қызметін атқарды. 2007-2009 ж.ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде  «Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау» бөлімінде аудармашы, 2013-2014 ж.ж. «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да техникалық жазушы, 2014-2015 ж.ж. Бурабай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.

Қазіргі таңда, 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Ақмола облысының «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалының редакторы қызметін атқаруда.