ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

Раушан Сайлауқызы

Раушан Сайлауқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалының редакторы

Раушан Сайлауқызы 1990 жылы 8 шілдеде Бай Өлке қаласында дүниеге келген.

1997-2008 жылдар аралығында Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Елтай орта мектебін бітірген. 2008 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түседі. Жоғары оқу орнында қоғамдық  жұмыстарға белсене араласқаны үшін көптеген марапаттауларға ие болған. Қалалық, облыстық жыр мүшайралардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Оқу орнын тәмамдаған соң Қазақстан-Көкшетау телеарнасына редактор болып жұмысқа қабылданады. «Күлуге рұқсат» бағдарламасын жүргізген. Қазіргі таңда денсаулық саласын қамтитын «Салауат» бағдарламасының жүргізушісі және «Аймақ ақпарат» жаңалықтар топтамасының күндізгі бөлімдегі дикторы.