ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

Бибінұр Әмірханқызы Кокурова

Бибінұр Әмірханқызы Кокурова , «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалының редакторы 

Кокурова Бибінұр Әмірханқызы 1983 жылы 14 желтоқсанда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген.

Амангелді Иманов атындағы орта мектептің түлегі. 2001-2005 ж.ж. Қазақ қыздар педагогикалық институтының филиалында филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын мектеп-гимназияда ұстаздықтан бастап, кейін журналистикаға келеді. «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында 2008 жылдан бері еңбек етеді. Бірнеше авторлық бағдарламалардың авторы және жүргізушісі. Бүгінде Ақмола өңірінің елді-мекендерінің тарихы мен халқының бүгінгі тіршілігін суреттейтін «Ақмола. kz» хабарын жүргізеді және жаңалықтар бөлімінде редактор қызметін атқарады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатына ие болған. Өмірлік ұстанымы –"Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға».