ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

Татанов Әлібек Жартаевич

 

Татанов Әлібек Жартаевич, "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақмола  филиалының директоры  

Еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облысының Талдық ауылында механизатор болып бастаған. 1983-1985 жылдары Кеңес әскері қызметінде болып, «Кеңес әскері» газетінің Орталық әскер тобы бойынша Чехословакиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1986-1990 жылдары Ақтөбе облыстық телеарнасының аға редакторы, КСРО Орталық телевидениесінің телевизиялық материалдарды дайындау бойынша аймақтық өкілі. 1990-1995 жылдары Ақтөбе облыстық СМК комитетінің төрағасы, «Казкоммерцбанк» АФ кеңесінің төрағасы, «Ұрпақ үні – Вестник молодежи» облыстық жастар газетінің редакция алқасы төрағасы. 1986-1991 жылдары Халық депутаттары Кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша Атқару комитетінің телеарна және радиохабарларын тарату қызметінің редакторы. 1991-1996 жылдары Қазақстан Жастар Бірлестігі Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы, «Бірлік» жастар концернінің президенті. 1996-1997 жылдары Қазақстан Жастар Бірлестігі Орталық комитетінің бірінші хатшысының орынбасары. 1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Жастар Ұйымдары Ұлттық кеңесінің хатшысы. 2001-2002 жылдары «Атырау-Ақпарат» Мемлекеттік медиахолдингінің төрағасы. 2003-2006 жылдары «Элитстрой» ЖШС Атырау филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2006-2008 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры. 2008-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры. Астана қаласындағы «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Астана филиалының жетекшісі. 2010 -2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2013-17жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры. 2017 жылдың 29 наурызынан бастап, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры.

«Қазақстанның құрметті журналисі» белгісімен марапатталған. Бүкілодақтық телевизиялық фильмдер конкурсының және Қазақстан Республикасы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Филология ғылымының кандидаты.