ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

Индира Темірболатқызы Тегжанова

 Индира Темірболатқызы Тегжанова, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалының редакторы  

Тегжанова Индира Темірболатқызы 1982 жылдың 26-мамырында СҚО Уәлиханова ауданы Чехов ауылында туған.

Орта мектепті бітірген соң Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне «журналист» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2004 жылы тәмамдады.

2004 жылы «Курс» өңірлік газетіне тілші болып жұмысқа алынды. 2005 жылдан бастап «Степной маяк» газетінің шолушысы. 2013 жылы лауазымы аға шолушы қызметіне жоғарылатылды.

2014 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ АОФ редакторы болып жұмыс істейді. «Актуальная тема», «Картина недели» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. Үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық структуралардың ұйымдастырған байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы. ҚР ТЖ министрі В. Божконың, Көкшетау қаласы әкімінің, өңірдің құқық қорғау органдары жетекшілерінің алғыс хаттарымен марапатталған.