ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

«ӘЛЕМГЕ ӘЙЕЛДЕР КӨЗІМЕН» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ

20:03, 17 шілде 2017

Сонау XVIII ғасырда Еуропа суретшілерінің шеберханаларынан бастау алатын кескіндеме өнерінің тарихы тереңде жатыр

Сонау XVIII ғасырда Еуропа суретшілерінің шеберханаларынан бастау алатын кескіндеме өнерінің тарихы тереңде жатыр. Өнердің бұл түрі суретшінің терең білім алып, аса төзімділікпен көп еңбектенуін талап етеді. Көкше өңіріндегі нәзік жанды қылқалам шеберлері еңбегінің арқасында «Әлемге әйелдер көзімен» атты сурет көрмесі ашылды. Көрменің көздегені - көрермен қауымға сан ғасырлар бойғы нәзік жандылардың қоршаған ортаға, отбасына, жалпы қоғамда болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасын түсіндіру болып табылады. Және бұл көрменің бір ерекшелігі туындылардың авторлары түрлі мамандық иелері.  

Айта кету керек, Көкшетау қаласында нәзік жандылардың еңбектерінен ғана құралған мұндай көрме алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да болар, оны тамашалауға келген қонақтардың  әсерлері ерекше.

Көрмеге 16 суретшінің жалпы саны 54 еңбегі қойылған. Тек картиналар ғана емес,  авторлар сомдаған қуыршақ мүсіндерді де  дәл осы көрмеден кезіктіруге болады. Анастасия қуыршақ мүсінінің авторы, ол осындай еңбектерді жасау арқылы  рахат сезімге бөленетіндігін айтады.

«Суретші ең алдымен шебер емес, қиялшыл. Сол қиялшылдығымен ниеті суретшіні қатардағы ізбасарлар мен еліктеушілерден оқшау дараландырып тұрады» деген екен ресейлік атақты суретші Сергей Калмыков.

Жансая Қайыпова 

Тақырып бойынша материалдар

А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК  БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР
19:59, 19 қыркүйек 2017
А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР
Толығырақ...
МҰРАЖАЙ ЕРНАЗАР ЫБЫРАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫМЕН  ТОЛЫҚТЫ
18:24, 29 маусым 2017
МҰРАЖАЙ ЕРНАЗАР ЫБЫРАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...