ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

Көкшетаудың ұлымын...

17:43, 18 наурыз 2017

Ақмола облыстық филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасеновтың Наурыз мейрамы қарсаңында «Көкшетаудың ұлымын» атты шығармашылық кеші өтті.

Ақмола облыстық филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасеновтың Наурыз мейрамы қарсаңында «Көкшетаудың ұлымын» атты шығармашылық кеші өтті. Өнер кешінде халқымыздың көпке танымал музыкалық туындылары мен соңғы жылдарда ел ішінен жинақталған фольклорлық мұралар тыңдарманға ұсынылды.

Ақмола облыстық филармониясының әншісі – Сәрсенбай Хасенов көкшетаулық өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Ол әрдайымын тың ізденістерімен, шебер орындаушылығымен ел ықыласына бөленіп келеді. Әншінің шығармашылық кеші  Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ әніне шөліркеген тыңдарманға тамаша тару болды.

Мерекелік бағдарламада жыраулар, сал-серілер мұрасы тыңдарман назарына ұсынылды. Әнші бұл кеште Алашорданың 100 жылдығына орай арнайы тарту да дайындапты. Кеш иесінің ізденіп ел арасынан тапқан, еліміздің маңдайалды дәстүрлі орындаушыларынан үйренген Алаш қайраткерлерінің музыкалық мұрасы да шырқалды.

Кеш барысында көкшетаулық өнер ордалары, музыкалық білім беру мекемелерінің өкілдері де өнер көрсетті. Бастысы бабалар мұрасын көпшілік қауымға көзайым ету, - дейді кеш иесі.

Ауғанбек Манарбекұлы, Арман Балбергенов

Тақырып бойынша материалдар

А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК  БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР
19:59, 19 қыркүйек 2017
А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР
Толығырақ...
«ӘЛЕМГЕ ӘЙЕЛДЕР КӨЗІМЕН» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ
20:03, 17 шілде 2017
«ӘЛЕМГЕ ӘЙЕЛДЕР КӨЗІМЕН» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...