«МУЗЕЙ ТҮНІ». ӨРКЕНИЕТ ӨРІСІ

Халықаралық мұражайлар күні биыл 140-шы рет тойланбақшы

19:24, 18 мамыр 2017   221

Халықаралық мұражайлар күні биыл 140-шы рет тойланбақшы. «Болашақтың энергиясы» деп аталатын мамандандырылған  «EXPO 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Өркениет қалдықтары: мәселелері және оның шешу жолдары» атты мұражайдағы түн  акциясы өтті. Акция барысында шоу-бағдарламалармен қатар, түрлі танымдық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ұйымдастырылған бұл акцияның негізгі мақсаты  - өндірістік қалдықтарды жою мәселесіне қоғамның назар аударту, қоршаған ортаны ластаудан арылту және бұл мәселені шешудің жолдарын іздестіру болып табылады. Музейлер күні халықаралық деңгейде 1977 жылдан бері тойланып келеді. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде айтулы іс-шара биылғы осымен 5-ші мәрте өткізіліп отыр.

Музей түнінде Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының мүшелері кешті әсерлі етуге қолдау көрсетсе, ұйымдастырушылар «Эко- мода» атты сән сайысын өткізді.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен музейлер түніндегі кеште  табиғатты қорғау, оған деген адалдық тұрғысында мән-мағынасы терең ойлар айтылды. Тарихи құнды жәдігерлерден гөрі, ғаламторға торланған жастар музейлер түнінен ерекше бір шабытпен, көтеріңкі көңіл-күймен аттанғаны біздің де жүрегімізге үміт отын ұялатты. Өйткені, болашақ – жастардың қолында. Ал болашақтың жарқын болуы үшін алдымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу  - басты парызға айналуы тиіс.

Бексұлтан Әбілсерікұлы, Иван Дубейко, Василий Вережников

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75