ШҰҒЫЛ! РОДИТЬСЯ, БЫТЬ УСПЕШНЫМ! Толығырақ

Наурыз нақыштары

19:02, 18 наурыз 2017

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында өңірде бірқатар іс-шаралар өткізілуде

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында өңірде бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Осы орайда, Әдебиет және өнер мұражайында  ұйымдастырылған «Наурыз нақыштары» атты жас суретшілердің көрме байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды.

Көрмеге облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелерінен 50-ден астам жұмыс қойылған. Көркем туындылар, негізінен, кенеп, майлы бояумен салынған. Жұмыстарда қазақ халқының бай мұрасы, салт-дәстүрі, ұлттық киім-кешектері мен ыдыс-аяқтары, музыкалық аспаптары шебер бейнеленген. Көркем сурет шығармаларын тамашалауға келген көрерменнің де дені жастар. Бүгінде өскелең ұрпақ қолөнер туындыларына үлкен қызығушылық танытуда.

Байқау қорытындысына сай Ақан сері атындағы колледжінің студенті Айнель Елубаева ІІІ орынды, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Махаббат Ахметова ІІ-ші және Динара Байтұрсынова «Дала аруы» атты туындысымен І орынды иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.   

Әйгерім Бекмағамбетова, Василий Вережников

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...
АЙШЫҚТЫ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ, АЙБЫНДЫ ЖЫРДЫҢ МЕРГЕНІ!
20:10, 20 маусым 2018
АЙШЫҚТЫ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ, АЙБЫНДЫ ЖЫРДЫҢ МЕРГЕНІ!
Толығырақ...