ШҰҒЫЛ! 4 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЕКТЕУЛІ ШЕКСІЗ ӘЛЕМ!

18:37, 11 сәуір 2017

Республикалық 12-ші «Жұлдызай-2017» фестиваліне іріктеу кезеңіне 150-ге тарта мүмкіндігі шектеулі ақмолалық өрен қатысты.

Республикалық  12-ші «Жұлдызай-2017» фестиваліне іріктеу кезеңіне 150-ге тарта мүмкіндігі шектеулі ақмолалық өрен қатысты. Олар - ауданаралық және қалалық байқаудан озып шыққан балғындар. Айта кетейік, мүгедек балалардың өнерін қолдап, өмірге деген құлшынысын арттыруға бағытталған шараның іріктеу кезеңі еліміздің барлық аймағында өтуде.

Іріктеу кезеңіне қатысқан балғындар шектеулі мүмкіндіктерін шексіз етті. Олардың әрқайсысы бойындағы өнерін көрсетіп, талабы мен талантын танытты. Шарада дарындылар ән салу, ыммен қимылдау, музыкалық аспаптармен өнер көрсету, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сараланған алты номинация бойынша бақтарын сынады.

Биылғы фестиваль бұрынғы фестивальден өзгерек. Енді өнерімен көпті тәнті етіп, іріктеуден өткен жеңімпаздар 1-маусымда Алматыдағы гала-концерт түрінде ұйымдастырылатын шараға қатысады.

Сондай-ақ фестивальдің  тағы бір ерекшелігі -  өнер байқауымен қатар, алғаш рет 1-ші республикалық спартакиада бастау алды. Мүмкіндігі шектеулі балғындар  шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және асық ату бойынша бақ сынайды.

Айгүл Мырзағалиқызы, Бауыржан Смағұлов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ
19:17, 17 қазан 2017
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
21:08, 20 қазан 2017
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...