ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

100 ЖАҢА ЕСІМ: ҒАЛЫМ МЕН ҒИБРАТ

17:03, 11 қыркүйек 2017

Дмитрий Лепешов 1969-шы жылы Ресейдің Түмен облысында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, педагогикалық институтта білім алды. Негізгі мамандағы – «Бастауыш сынып мұғалімі». Сол жылдардан бері педагогика саласында бел жазбай еңбек етіп келеді. Биыл оның ұстаздық жолына 32 жыл толып отыр. Бір кездері «Артек» лагерінде,  республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында қызмет атқарған. Ал, соңғы жеті жылда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы әрі проректордың көмекшісі болып еңбек етуде.

Дмитрий Владимирович оқытушы ғана емес, көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Негізгі тақырыптары – балалардың демалысын ұйымдастыру, жасөспірімдерді қоғамдық ортаға бейімдеу және олармен жұмыс істеу. Дәл осы тақырыптарда диссертациясын да  қорғады. 15 ғылыми монография жазды. Ал, кітаптары білім беру мекемелерінде оқулық ретінде қолданылып келеді. Өзінің адал еңбегінің нәтижесі болар, қазір ол педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның педагогика ғылымдары Академиясының Академигі және профессор деген атақтары бар.

Дмитрий Лепешовтың педагогикалық ғылым саласында әлі де тынбай еңбек ететін ойы бар. Жоспарлары да ауқымды. Дәл қазір мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу бағытында ғылыми жұмыс жазу үстінде. Үнемі ізденісте жүретін Дмитрий Лепешовтың еңбегі көпшілікке үлгі болары сөзсіз.   

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК ЗИЯТКЕР ИМАМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ
19:34, 20 қараша 2017
ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК ЗИЯТКЕР ИМАМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ
Толығырақ...