ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

АДАЛ ҰРПАҚ – ЕЛ ТІРЕГІ!

19:33, 15 қыркүйек 2017

М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында «Адал ұрпақ» клубы өткен оқу жылының қараша айынан бастап жұмыс істеп келеді. Құрамында он шақты оқушы бар. Оларды тәлімгерлері адалдықтың ақ туын желбіретіп, әрдайым түзу жолмен жүруге тәрбиелейді.

Клуб мүшелері бәрі бір жерге бас қосып, тың идеяларын айтып, жоспар құрады. Сөйтіп мектеп оқушылары арасында жемқорлыққа жол бермей, адал болуға шақыратын  түрлі шаралар ұйымдастырады.

Өңірдегі 495 «Адал ұрпақ» клубында бүгінде 4000-ға жуық оқушы бар. Аймақтағы мектептердің барлығы өскелең ұрпақты адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тұрғыдан тәрбиелейтін осындай ортамен толық қамтылған дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің мамандары.

Департамент қызметкерлері мектептерге барып, оқушылармен жиі кездесу ұйымдастырып тұрады. Басқосуларда әрдайым жемқорлықтың түбі қорлыққа әкелетіндігі айтылады. Тек игі іске бағытталған «Адал ұрпақ» клубтары аты бар да, заты жоқтың күйін кешпесе жақсы. Оң нәтиже тек жұмыс шын мәнісінде атқарылса ғана болатынын ұмытпаған абзал.

Айгүл Мырзағалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...