ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТ ТАПСЫРУДА

20:14, 21 маусым 2017

Ақмола облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі басталды. Биыл мектеп бітірген 4331 түлектің 3166-і жоғары оқу орындарына түсу үшін тест тапсыруға өтініш берген. Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап тестілеу барысы жаңа форматқа ауысты. Оған сәйкес, оқушылар мектеп бітіргені туралы құжат алу үшін қорытынды аттестатция тапсырады. Ал, жоғары оқу орындарында білім алу үшін Ұлттық бірыңғай тест сынақтарынан өтеді. Маусымның 21-і мен 23-і аралығында ақмолалық түлектер жоғары оқу орындарына жолдама алу үшін тест тапсырады. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – облыс аумағындағы Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын пункттерінің бірі. Тестілеудің алғашқы күнінде бұл жерде Көкшетау, Зеренді, Бурабай және Аршалы ауданы оқушыларының бір бөлігі жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсырды. Үлкен өмірге жолдама алуға келген түлектердің қатарында Үміт Рақымжан да бар. 11 жыл бойы үздік оқушылардың қатарында болған ол биыл білім ордасын «Алтын белгімен» бітірді. Оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуді бес пәннен тапсырады. Оның 3-еуі міндетті және 2-еуі таңдаған мамандығына байланысты бейіндік пәндер. Сұрақтардың жалпы саны – 140. Айта кетерлігі, бір сұрақта бірнеше дұрыс жауап болуы мүмкін. Тестілеудің қорытындысы бойынша, 50 баллдан жоғары ұпай жинаған оқушылар қалаған оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу Ақмола облысында маусымның 21-і, 22-сі және 23-і күндері өтеді. Тағы бір жаңашылдық, жаңа форматқа сәйкес, міндетті 50 баллды жинай алмаған оқушылар тамыз айында жоғары оқу орнына түсу үшін қайтадан тест тапсыра алады. Атап өтетін жәйт, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру кезеңіне орай, Ақмола облысында арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Сондай-ақ, Білім және Ғылым Министрлігінің өкілдері де тест тапсыру барысын қадағалайды. Яғни, қандай да бір келеңсіз жағдайлардың орын алмауы қатаң бақылауда болмақ.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...