ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

БІЛІМ - БОСАҒА, ТАНЫМ – ТӨР!

17:00, 14 қыркүйек 2017

Бағын сынап, білімін көрсетуге келген бұл бойжеткендер - Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің І-курс студенттері, «Ақ қауырсын» поэзиялық клубының мүшелері. Олар байқауға ең үздік әдебиетшілер ретінде таңдалып алынған. Бірі бірінен асып түседі. Айтуларынша, мұндай шаралар кенже қалып келе жатқан халық нақылдарын, ұлт ұлағатын ұмытпауға, ұлықтауға тәрбиелейді.

Сайыс үш аталымнан тұрды. Қатысушылар берілген мақал-мәтелдердің  жалғасын тауып, көнерген сөздердің мағынасын ашты. Жасырылған жұмбақтардың шешімін табуға тырысты.

Байқауда төрттіктің төріне өтіп, алға суырылып шыққан 1-орын иегері Наздана Хайымхан болды. Ал екінші және үшінші жүлде иелері Алтыншаш Құрманаева мен Съезд Ақботаға бұйырды. Үздіктер  арнайы дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Айгүл Мырзағалиқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...