ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

БІЛІМ – ДАМУ БАСПАЛДАҚТАРЫ!

16:51, 15 тамыз 2017

Аталмыш бағдарлама білім берудің 3 деңгейін қамтиды.

Аталмыш бағдарлама білім берудің 3 деңгейін қамтиды. Олар: мектепке дейінгі тәрбие, орта білім және кәсіптік білім беру салалары. 

2017 жылдан бастап Елбасы тапсырмасымен «Баршаға бірдей тегін  техникалық және кәсіптік оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. Аймақтық комиссия бағдарлама қатысушыларын әзірлейтін оқу орындары тізімін әзірлеген. Оған білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензиясы және кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар 19 колледж енді. Олар 31 жұмысшы мамандығы бойынша шәкірт оқытатын болады.   

Бүгінгі таңда білім басқармасы ұсынған мәліметтер негізінде комиссия қарауына 600 үміткер ұсынылған. Бұл жоба білім алушыларға қолдау көрсетіп, талапкерлерді техникалық мамандықты игеруге тарту мақсатын көздейді.  

Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар тамыз айының соңына дейін жалғасады. Ал жаңа оқу жылы басталғанда студенттер толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етілмек.  

Ауғанбек Манарбекұлы, Юрий Обердиенко

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...