ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫ 5 КҮНДІК ОҚУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДЕ

19:33, 6 қыркүйек 2017

Көкшетау қаласындағы №21 мектеп-лицейі 5 күндік оқу жүйесіне алғашқылардың бірі болып көшіп отыр. Бұған әсіресе, оқушылардың қуанышында шек жоқ. Дүйсенбі күні ата-аналар мен қамқоршылар жиналысын өткізіп, олардың келісімін алған мектеп басшылығы 1 айдың сабақ кестесін түзіп қойған.

Жаңа оқу жүйесі ұстаздар үшін де тиімді. Өйткені, 5 күндік оқу жүйесі олардың еңбекақыларына еш әсер етпейді. Қайта сабақтың сапалы өтуі үшін қосымша дайындалуға мол мүмкіндік береді, -дейді  35 жылдан аса еңбек өтілі бар мұғалім Ләззат Айдарова.

5 күндік оқу жүйесі енгізілгенмен, оқу бағдарламалары мен әрбір пәнді меңгеруге бөлінген сағаттар саны өзгермейтінін айта кетеу керек. Сондықтан, әр мектеп күніне қанша сабақ бекітетінін ата-аналармен келісе отырып шешеді. Айта кетейік, биыл  оқушыларға берілетін үй тапсырмасының жүктемесі де біршама азайтылды.

Оқу процесі үш ауысымда жүргізіліп жатқан мектептердің  «бескүндікке» көшуі қиынға соғары анық. Алайда, тәртіп бойынша олар да ауысуы тиіс. Айта кетейік, Ақмола облысы бойынша оқушылары 3 ауысымда оқитын мектептер саны бесеу, оның 3-уі Көкшетау қаласында орналасқан.

Бибінұр Әмірханқызы 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...