ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА

16:54, 15 тамыз 2017

Конференция барысында өңір мектептерінен келген мұғалімдерге интегралдық білім беру бағдарламасы мен оқушыларды критериалды бағалау жүйесіне қатысты ақпарат берілді.

Конференция барысында өңір мектептерінен келген мұғалімдерге интегралдық білім беру бағдарламасы мен оқушыларды критериалды бағалау жүйесіне қатысты ақпарат беріліп, жаңартылған білім беру мазмұнын алғашқылардың бірі болып пилоттық жоба ретінде енгізген Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдерінің тәжірибелері таныстырылды. Конференциядан соң аудан мұғалімдеріне екі тілде оқыту семинарлары жүргізілді.

Бастауыш сынып пен орта буын мұғалімдеріне жаңартылған бағдарламалар және оқытудың жаңа әдістері жайында 17 пән бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Осылайша, облыстың әр өңірінен келген мұғалімдер Назарбаев зияткерлік мектебінің бүгінгі білім үдерісіне енгізіп жатқан үздік тәжірибелерін үйренуге мүмкіндік алды.     

Республиканың зияткерлік мектептері тарапынан «Жүйелі-әдістемелік кешен» атты онлайн-тұғырнамасы әзірленген болатын. Ол мектеп мұғалімдеріне әлеуметтік желі арқылы сабақ жоспарының, бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсыныстар мен практикалық тапсырмалардың үлгілерін, аудио, бейне материалдарды кез келген уақытта жүктеуге мүмкіндік береді. Шара соңында конференцияға қатыушыларға арнап көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде ұсынылған оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға да мүмкіндік жасалған.     

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...