ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

БИЫЛ 192 СТУДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫНА ИЕ БОЛДЫ

17:10, 27 маусым 2017

Жыл сайын өңірде 500-ге жуық студент Ақмола облысы әкімінің стипендиясын иелену үшін өтініш білдіреді.

Жыл сайын өңірде 500-ге жуық студент Ақмола облысы әкімінің стипендиясын иелену үшін өтініш білдіреді. Бөлінген қаражат көлеміне сәйкес, олардың бір бөлігі ғана атаулы шәкіртақыны ала алады. Биыл 192 студент облыс әкімінің стипендиясын иеленіп, тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, 2011-ші жылдан бері студенттерге облыс әкімінің стипендиясы тағайындалып келеді. Осы арқылы аймақтың белсенді жастарын қажетті мамандықтарға оқуға тарту және дарынды оқушыларды қолдау көзделген.

Дәлер Бауыржанұлы – облыс әкімінің шәкіртақысына ие болған жастардың бірі. Ол 2016-шы жылы Көкшетау қаласындағы орта мектепті бітірген соң, Астана медициналық университетінде білім алуды көздейді. Кейіннен кадр тапшылығын тудырып отырған мамандықтар бойынша білім алғысы келетін жастарға облыс әкімінің шәкіртақысы тағайындалатынын естіп, құжаттарын дайындайды. Жолы болып, талапты жас тегін оқуға мүмкіндік алды.

Облыс әкімінің стипендиясы негізінен 4 санатқа бөлінеді. Оған сәйкес, аймақта кадр тапшылығын тудырып отырған мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, яғни көп балалы отбасынан шыққан немесе ата-ананың қарауынсыз қалған үздік оқушылар, жастар ұйымдарының белсенділері және өнер мен спорт саласында жетістіктерге жетіп жүрген жастар атаулы шәкіртақыға ие болады.  Айта кетерлігі, қажетті мамандыққа оқып жатқан студенттер оқу бітіргеннен кейін, міндетті түрде белгілі бір мерзімде облыс аумағында жұмыс істеуі қажет.

Облыс әкімінің атаулы стипендиясының көлемі бүгінде жылына 250 мың теңгені құрайды. Ал, медициналық мамандықтарда оқитын студенттер жылына 700 мың теңге алады.

Нұргүл Нұрбайқызы 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...