ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

20:49, 25 шілде 2017

Қатаркөл ауылшаруашылығы колледжінің іргетасы сонау 1948 жылы қаланған.

Қатаркөл ауылшаруашылығы колледжінің іргетасы сонау 1948 жылы қаланған. Оқу орны 70 жылға жуық өңірдің ауылшаруашылығы саласын білікті мамандармен қамтамасыз етіп келеді. Колледж жұмыс берушілермен тығыз əріптестік орнатқан. Мұндағы зертханалық жабдықтар ауылшаруашылығы саласының өнімдерін жан-жақты талдап, нақты сапалық көрсеткіштерін дəл анықтауға мүмкіндік береді. Дуальды білім беру, оқу бағдарламасын еңбек нарығына лайықтап  құру ауылшаруашылығы колледжі үшін дәстүрге айналған тәжірибе.

Оқу орнының басым бағыты мал шаруашылығы мамандарын даярлау. Білікті шәкірт тәрбиелеудің бірегей жолы теориялық дәрістерді іс жүзіндегі тәжірибемен ұштастыра ұсыну. Бұл - колледж ұстаздарының басты ұстанымы. Осы мақсатта ауылшаруашылығы оқу орны жанынан оқу-тəжірибелік ферма құрылған.

Оқу орны білім беру сапасын қамтамасыз ету қазақстандық тәуелсіз агенттігінің политехникалық колледждер рейтингінде үздік бестікке енген. Ауылшаруашылығы мамандарының білім ордасы бірқатар жаңалықтарды игеруде өзге білім ошақтарына үлгі боларлық.

Ауғанбек Манарбекұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...