ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН

19:52, 29 тамыз 2017

Шаһарда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді бала-бақшамен қамту деңгейі 93 пайызға жетті.

Шаһарда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді бала-бақшамен қамту деңгейі 93 пайызға жетті. Алайда, Көкшетау бұл көрсеткіш бойынша облыста көш соңындағылардың қатарында. Ал 2019 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. Сондықтан әлі де атқаратын шаруа шаш етектен. Бала-бақшаларды мамандармен қамту да өзекті.  

Биыл қала мектептерін заманауи арнайы кабинеттермен жасақтау мақсатында 25 миллион 300 мың теңге бөлінген. Бұл қаржыға облыс орталығының бірнеше мектебіне химия, биология кабинеттері алынған.  

Үштілділік бағдарламасы жаңа оқу жылында қаланың бірқатар мектептеріне енгізіледі. Оқушылар жаратылыстану бағытындағы сабақтарды ағылшын тілінде оқымақ. Ол үшін ұстаздардың біліктілігін арттыру курстары өткізілген. Тағы бір жаңалық. Биыл қалада алғаш рет 5-інші сынып оқушылары үшін кадет сыныбы жұмысын бастады. Жалпы айтқанда Көкшетаудың білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жақсы деп бағаланды.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...