ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

20:18, 13 қыркүйек 2017

Жаңадан ашылған кабинет Монтессори әдістемесі бойынша жасалған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жалпы, Монтессори жүйесінің басты мақсаты – еркін шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу. Бұл педагогика негізінен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған. Сондықтан аталмыш әдістеме бойынша оқытылған балалардың түзету сыныптарынан жалпы білім беретін мектептерге ауысу мүмкіндіктері мол болады,-дейді ұстаздар.

Монтессори кабинетіне қажет құралдарды сатып алуға Тұңғыш Президент қоры 1 миллион 720 мың теңге бөлген. Ал мектептің қамқоршылар кеңесінің мүшелері болса, кабинетті қажетті жиһаздармен жабдықтауға қолдау көрсеткен.

Көкшетаудағы № 1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты Монтессори кабинетін қажетті құралдармен жабдықтауды жалғастыратын боламыз,- дейді. Өйткені, балаларды аталмыш әдістеме бойынша оқытуда алға жылжушылық бар. Мәселен, түзету сыныптарынан жалпы білім беретін мектептерге ауысатындар бүгінде шамамен, 50 пайызды құрайды. Сондықтан бұл көрсеткішті арттыру бағытындағы жұмыстар әрі қарай жалғаспақ.

Бибінұр Әмірханқызы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...