ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ӨРНЕКТІ СӨЗ – ОРТАҚ ҚАЗЫНА!

18:22, 24 сәуір 2018

РКС: Айғанымның құрастырған жинағына Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінен қоныс аударған қандастардың тілінде кездесетін мақал-мәтелдер енген. Ол шығармашылық зерттеу жұмысын бір жарым жыл бойы жүргізген. Негізінен, жаз айларында өңіріміздің ауылдарында болып, қандастарымызбен кездесіп, әр мақал мен мәтелдің мағынасын жазып, көп ізденген. Нәтижесі де жоқ емес. Ол республикалық байқауда жүлделі екінші орыннан көрінді.

СНХ: АЙҒАНЫМ БОЛПАНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ   ///қаз. Жобамның негізгі мақсаты скл.  қандастырымыздың қаймағы бұзылмаған тілін зерттеп, тіл маржаны мақал-миәтелдерді зерттеп, олардың бізде кездеспейтіндерін жинап, насихаттау, жинақ етіп шығару. Жинаққа 45 мақал, 10 мәтел енді. «Батырды шешен атып түсіріпті», «Ет піспесе, бет піседі» дегендер кездеседі.

РКС: Бүгінде Айғанымның құрастырған мақал-мәтелдер жинағын сыныптастары қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  пайдаланады. Мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор өрнекті сөздердің күнделікті пайдаланатын нұсқаларын келтіріп, сабақтары қызықты өтетін көрінеді.

СНХ: НҮРИЗА ЕЛЖАС, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ  //Айғанымның мақал-мәтелдер жинағын біз үлкен қызығушылықпен оқып шықтық. Өте ұнады. Көп ізденгені байқалады. Қазір біз оны өз сабақтарымызда пайдаланамыз. ///

РКС: Қиырда өмір сүрген қандастардың тілін тереңірек зерттейтін болсақ, ұмыт болып бара жатқан мәдени мұраларымызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртқандай боламыз,-дейді жобаның ғылыми жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Досан Молдахметов. 

СНХ: ДОСАН МОЛДАХМЕТОВ, АЙҒАНЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ///қаз. Бұл тақырыпты таңдау себебі Елбасының рухани жаңғыру төңірегінде алған. Әрбір ел азаматы өз тарихын, әдебиетін сүйетін тұлға болу керек деп атап кеткен. Насихаттау әрбір ер азаматтың парызы, мінлдеті. Сол кезде ғана біз өзімізді нағыз ұлт екенімізді көрсете аламыз. Айғаным ғылыми жобасын 1 жарым жылдай зерттеп, көп еңбек етті. Атамекенге оралған қандастарымызды сирек кездесетін мақалдармен танысып, мағынасын ашып, қазақ тіліндегі мақалдармен ерекшелігін, ұқсастығын айтып, насихаттады. //

РКС:  Тың мақал-мәтелдерді жинақтау арқылы қазақ тілінің лексикасын молайту мүмкіндігі бар,-дейді қазақ тілі ұстаздары. Шынымен де, жылдар бойы сыртта жүрсе де, мәдени мұра, ұлттық құндылықтарымызды саф алтын сақтаған қандастардың тілін зерттеудің маңызы зор.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...