ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

САПАЛЫ БІЛІМ – САЛАҒА МІНДЕТ!

16:37, 27 шілде 2017

Бүгінде Ақмола облысында жалпы білім беретін 572 мектеп бар.

Бүгінде Ақмола облысында жалпы білім беретін 572 мектеп бар.  Білім ошақтарын жаңа оқу жылына дайындау үшін Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен 5 млрд 800 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ағымдағы жылы білім беру мекемелерінің 19 нысаны қайта жаңғыртылуда. Бұл нысандардың ішінде жаңа ошақтар да бой көтермек. «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында соңғы 2-3 жылда республикада әлеуметтік ғимараттарды жөндеуге, үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде өңірде басталған мектептердің құрылысы аяқталып, апатты мектептер жөнге келтірілуде. Мәселен, 2016 жылдан бастап облыс орталығында 900 орындық жаңа мектеп салынуда. Ел бюджетінен 1 млрд теңге бөлінген жаңа мектеп құрылысы тек келер жылы аяқталмақ. Облыстық білім басқармасының жарты жылды қорытындылауға арналған жиыны барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасына 9-шы, 11-ші сыныпты аяқтаған оқушылардың да қатыса алатындығы айтылды. Бүгінгі күні 200-ге тарта мектеп түлегі қол қусырып үйде отыр. Аудандық білім бөлімдерінің басшыларына жергілікті жерлерде аталған мәселені шешу тапсырылды, сонымен қатар ақпаратты жоғары сынып оқушыларынының әрқайсысына жеткізу қажеттігі де айтылды. Балалардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру мәселесі де назардан қалмауы тиіс. Өңірдегі білікті педагогикалық кадрларды дайындауға қатысты сауал төңірегінде ұзақ пікір алмасылды.

Коллегияны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова тұтастай алғанда өткен жылғы көрсеткіштердің жоғары екендігін айтты. Десе де, бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беру жұмысын әлі де ширата түсу қажеттігі тапсырылды. Сонымен бірге қала мен ауылдық жерлерде білім беру деңгейіндегі кейбір алшақтықты азайту да – басты міндеттердің бірі болмақ.

Ауғанбек Манарбекұлы, Татьяна Смолякова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...