ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ШОҚАН ОҚУЛАРЫ – ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ САПАР!

17:45, 27 сәуір 2018

РКС: Конференцияға қатысушылар алдымен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шоқан Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алатын ұлы тұлға. Оның қысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ  халқының алдағы дамуына, биіктей өркендеуіне ықпал етті. Белгілі шоқантанушы ғалым, тарихшы Қадыржан Әбуевтің айтуынша, Шоқан Уәлихановтың өмірі мен оның ғылыми зерттеулерінің әлі де болса беймәлім тұстары көп. Жүргізіліп жатқан әр зерттеу сайын ғалым туралы тың деректер табылуда.

СНХ: ҚАДЫРЖАН ӘБУЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ///қаз.Шоқан Уәлихановтың жаңғырту мәселесіндегі шығармалары және қазіргі заман деген зерттеу жүргіздім. Сонда Президенттің «Тәуелсіздік эрасы» деген еңбегіндегі идеялар мен Шоқанның рухани жаңғыру мәселесі сабақтастық тауып отыр. Соны мен саралап, сол төңіректе мақала жаздым. Скл. Шоқан Уәлихановтың айтуынша, рухани жаңғырудың негізі білім, сондықтан ағартушылық, білім беру мәселесін қозғаған. Қазіргі заманда да рухани жаңғыру үшін білікті кадрлар дайындау керек, цифрлық технологияны дамыту керек. Міне, осының бәрі үндестік тауып отыр.

РКС: Айта кетейік, Қадыржан Әбуевтың «Шоқан және оның замандастары» атты еңбегі халықаралық кітап көрмесінде үздік деп танылып, ғалым алтын медальге ие болған еді. Бүгінгі конференцияда Шоқантану секциясымен қатар ғылымның басқа да көптеген салалары бойынша 20 шақты бөлімдер жұмыс істеді. Яғни, «Шоқан оқулары» отандық ғылымның дамуына тың серпін беруде.

СНХ: ЕЛЕНА ЮРИНА, ТОМСК МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /Ресей /  ///аударма: Біздің оқу орны Көкшетау умемлекеттік университетінің орыс және қазақ тілі филологтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біз бірлесе отырып, қазақ халқының мәдениеті мен тілін ескере отырып, оны орыс тіліне нақты аудару бағытында, яғни сөздіктер құрастыру бойынша арнайы  жобаны қолға алдық. Оның барлығы біздің лингвистикалық ғылыми еңбектерімізде сараланып, жарық көрді. //

СНХ: СҰЛТАН УРАШЕВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ///аударма: Бұл менің осы конференцияға бірінші қатысуым емес. «Шоқан оқулары» өте қызықты, керек, және пайдасы мол іс шара. студенттердің де қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы туралы білімдерінің аясын кеңейтуде конференцияның мәні  зор болып отыр. Сондықтан оған еліміздің түкпір-түкіпірнен , тіпті шет елдерден де ғалымдар зор ынтамен қатысады. Мәселен, оған  Ресей, Түркия, Америка мен Англия ғалымдары да қатысқан жылдар болды. Өйткені, бұл жалпы ғылымның дамуына үлкен ықпал ететін іс шара. ///

РКС: «Шоқан оқулары» биыл 22-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын оған қатысамын  деушілер саны да артып келеді. Яғни, жастарды ғылымға тартуда аталмыш конференцияның маңызы зор болып отыр.

Бибінұр Әмірханқызы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...