ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ТІЛ БІЛІМІНІҢ БИІК БЕЛЕСТЕРІ

13:45, 3 қараша 2017

Қазақ тіл білімінің мәселелері талқыланған ғылыми-әдістемелік конференцияға республикамыздың белді жоғары оқу орындарының филологтары мен көршілес Өзбекстан елінің ғалымдары қатысты. Олар білім берудің жаңа технологиялары, қазақ тілін зерттеудің жаңа бағыттары, түркітану және салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің мәселелері, сонымен қатар латын әліпбиіне көшуге байланысты ойларын ортаға салып, мәселеге қатысты  ғылыми-сараптамалық баяндамаларын оқыды.

Жиын барысында 70 жылдық мерейтойын атап отырған филолог ғалым Бердібай Шалабай білім қызметкерлері үшін жоғары марапат Ыбырай Алтынсарин атындағы арнайы төсбелгімен марапатталды. Қазақ тіл білімінің дамуына өзіндік тың зерттеулерімен елеулі үлес қосып келе жатқан ғалым ғылыми-педагогикалық қызметінің 45 жылы ішінде 200-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 15-ке жуық кітап пен монографиялық зерттеулердің, оқу құралдарының авторы атанған.

Бибінұр Әмірханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...