
Өңірге қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтарды жеткізу «Алматы кітап», «Атамұра», «Бөбек», «Мектеп» сынды 13 кітап баспасының еншісінде.
Өңірге қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтарды жеткізу «Алматы кітап», «Атамұра», «Бөбек», «Мектеп» сынды 13 кітап баспасының еншісінде. Ал мектептер қажетті кітаптарды шілде айының соңында алмақ.
Оқулықтарды сатып алу мәселесі стратегиялық сұрақтардың бірі. Олар жаңа оқу жылының басына дейін, яғни тамыздың ортасында толық тасымалданатын болады. Білім басшыларының айтуларынша 1 қыркүйекте барлық мектептер кітаптармен толық қамтамасыз етіледі.
Дәл қазіргі уақытта облыста мектепке дейінгі, сондай-ақ 2,5,7 сыныптарға арналған оқулықтар сатылып алынуда. Осыған орай жергілікті бюджеттен 1 млрд. 69 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Ал облыстық қазынадан барлық мектептерді қажетті кітаптармен толыққанды қамтамасыз ету үшін қосымша 364 млн. теңге көзделген.
Айгүл Мырзағалиқызы, Иван Дубейко