ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!

12:06, 24 тамыз 2017

Әсемгүл Айткешева - бүгінде сұранысқа ие болып отырған ағылшын тілі мұғалімі.

Әсемгүл Айткешева - бүгінде сұранысқа ие болып отырған ағылшын тілі мұғалімі. Сондықтан болар жас ұстаз жұмыс іздеп көп жүрген жоқ. Мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдаған Әсемгүл болашақта өнегелі ұстаз болуды көздейді. 1 жылдың ішінде ол 3 рет біліктілігін арттыру курсынан өткен. Мектептің тәжірибелі ұстаздары тарапынан да қолдау бар,-дейді.

Қаламыздағы №13 экологиялық гимназия-мектебінде бүгінде 113 мұғалім еңбек етеді. Оның 27-сі жастар. Оқу ордасының жас мұғалімдерге басымдық беруінің басты себебі, үштілділік саясаты. Яғни, нақты пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы,-дейді  мектеп директорының орынбасары.

Татьяна Кузьма - бастауыш сынып мұғалімі. Арнайы орта білімі бар. Ұстаз болуды оқушы кезінен армандаған ол мектепке жұмысқа қабылданғанына қуанышты.

Биыл өңір мектептері 200-ге жуық жас мұғаліммен толықпақшы. Оларға қойылатын басты талап - ағылшын тілін жетік білу. Бұл әсіресе, нақты ғылым пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге қатысты.

Бибінұр Әмірханқызы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...