ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ЖАС ТҮЛЕКТІҢ ЖАҒДАЙЫ - МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА

16:04, 12 шілде 2017

Ақталған үміт. Төгілген тер. Құрмет-қошемет. Қолдарында қызылды-көкті бір парақ қағаз.

Ақталған үміт.  Төгілген тер. Құрмет-қошемет. Қолдарында қызылды-көкті бір парақ қағаз. Бұл кез-келген жас түлекке таңсық жағдай емес. Төрт жыл бойы көз майын тауысып, білімнен ілім іздеген студенттердің дипломы күні ертең бітірген мамандығы бойынша жұмысқа тұруына  мүмкіндік бере ме? Бұл сұраққа биыл ғана қолына қызыл дипломын алған Бақтияр Мұхамеджар іркілмей, сеніммен жауап берді. Оның айтуынша, өз мамандығыңды  сүйсең жұмысқа тұру қиындық тудырмайды. Бастысы,  ілгерілеуге деген ынта жігерің мен өзіңе деген сенімің қажет, - деп санайды ол.

Мұхамеджар Бахтияр сынды жоғары оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі, орта арнаулы мамандығы бар жас түлекке қарағанда әлдеқайда басымырақ екені рас. Дегенмен, облыс бойынша орта және арнаулы білім беру бөлімі өңірде кәсіби техникалық мамандардың тапшы екенін айтады.

Қабілеті мен қарымы мықты, жастарға қашан да қолдау бар. Еңбек етемін дегендердің екі қолына бір күрек табылады. Тек ниетің болса жеткілікті. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде бірнеше бағыт қамтылған. Бұл  бойынша кез-келген жұмыссыз жүрген жан  «Жастар тәжірибесі», «Қысқа мерзімді оқыту», «Қоғамдық жұмыстар», «Колледждерде оқыту» бағыттары бойынша тегін оқып, жұмысқа тұра алады. Ол үшін кез-келген жергілікті жердегі жұмыспен қамту бөліміне барып, жеке куәлігіңіз бен дипломыңызды көрсетсеңіз болғаны. Сонымен қатар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бизнес бастау» жобасы бойынша жеке кәсібіңізді қолға алуға мүмкіндік берілген.

Бүгінгі жас түлек - ертеңгі білікті маман екені дау тудырмайды.  Мемлекет тарапынан қолдау бар. Тек қол қусырып қарап отырмай, ең бастысы, елдің өркендеуіне жоғары білімді тиімді жұмсауға деген ниет қажет.

Гүлдана Догдарханқызы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...