ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

"ЭКСПО" ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫ ТАМСАНДЫРУДА

19:56, 17 шілде 2017

Көрмеге қызығушылық танытып, асыға жеткендердің бірі Қасымовтар отбасы.

Көрмеге қызығушылық танытып, асыға жеткендердің бірі Қасымовтар отбасы. Отағасы туризм саласында еңбек ететіндіктен, көрме тақырыбы  таңсық емес.  Алдымен  олар Сингапур елінің павильонына саяхат жасады. "Үлкен идеялардың шағын қаласы" деп аталатын бұл көрмеде экожүйені құру жөніндегі түрлі жобаларға, энергетика саласындағы тамаша туындыларға мультимедиялық саяхат жасауға болады. Тіпті, мұнда осы елдің тропикалық климатын сезіне аласыз.  Жерлестеріміздің келесі бағыты Латын Америкасының павильоны болды.

Жалпы Латын Америкасы дегенде ойымызға келетіні музыка, сериалдар, түрлі тағамдар, жағажай, күн астындағы алаңсыз өмір. Ал шын мәнінде энергияның негізгі жетістіктерінің барлығы осында. Бұл мемлекеттің құрамында 32  ел болса, соның 11 елі көрмеге өз туындыларын ала келген. Олар  Боливия, Гватемала, Гондурас, Доминикан, Коста Рика, Парагвай және Чили елдері. Мәселен, Чилиде электр энергиясы тегін. Ол үшін ақы төленбейді де. Ал вулкандарымен танымал Гватемала гидроэнергетика, күн, биомасса энергияларын қолданады.

Тек, баламалы энергия көздері ғана емес, көрме қарсаңында әр мемлекеттің тарихымен, мәдениетімен, ұлттық құныдылықтарымен танысуға мүмкіндік бар. Төрткүлі дүниені аузына қаратқан таңғажайып "ЭКСПО" көрмесі тартымдылығымен талайды тамсандыруда.

Раушан Сайлауқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ - РУХАНИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
21:48, 25 тамыз 2017
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ - РУХАНИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...
ЭКСПО-2017. БИОЭНЕРГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІ - ТАЙЛАНД ПАВИЛЬОНЫНДА!
19:05, 18 шілде 2017
ЭКСПО-2017. БИОЭНЕРГИЯ ЖЕТІСТІКТЕРІ - ТАЙЛАНД ПАВИЛЬОНЫНДА!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...