БОЗАЙҒЫР АУЫЛЫНЫҢ 37 ТҰРҒЫНЫ ӨТКІР ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНА ШАЛДЫҚҚАН

Улану жағдайы орын алды. Шортанды ауданына қарасты Бозайғыр ауылының 140-қа жуық тұрғыны 14-ші сәуірден бастап, өздерін жайсыз сезініп, асқазан ішек жолдары мазалаған. Олардың 37-сінің диагнозы клиникалық тұрғыда расталыпты.

19:39, 20 сәуір 2017   363

Улану жағдайы орын алды. Шортанды ауданына қарасты Бозайғыр ауылының 140-қа жуық тұрғыны 14-ші сәуірден бастап, өздерін жайсыз сезініп, асқазан ішек жолдары мазалаған. Олардың 37-сінің диагнозы клиникалық тұрғыда расталыпты.  Әріптесім толығырақ тарқатсын.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бұл жағдай 14-ші сәуірде басталған. Сәбилі ана  баласының құсқысы келіп, ішек жолдары мазалағанын айтады. Бұдан соң балғынды бірден Астана қаласындағы инфекциялық ауруханаға жатқызыпты.    Аурумен шағымданып келгендердің қатары мұнымен бітпейді. Ақ халаттылар тексеру барысында, тағы 37 тұрғынның осы аурумен науқастанғанын анықтапты. Оның 45-і балалар.

Денсаулық саласы өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта өткір ішек жолдары ауруларының саны төмендеуде. Ал Бозайғырдағы жағдайды арнайы құрылған комиссия мен Денсаулық министрлігі бақылауында ұстайды.  

Бүгінде Бозайғыр ауылындағы балабақша жұмысын тоқтатты. Мектепте ыстық тамақ та  берілмейді. Дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық орталық мамандары тек қайнатылған су мен  бөтелкедегі тіршілік нәрін  қолдануды талап етіп отыр. Ал қолданыстағы су зертхана тексеруінде.  

Раушан Сайлауқызы, Әсел Әутәліпова, Василий Вережников

 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75