ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ

13:41, 16 мамыр 2018

РКС: Жаттығудың басты мақсаты – кенеттен орын алатын жағымсыз жағдайлардың алдын алып, оған  барлық қызметтердің дайындық сапасын тексеру. Тұтқиылдан келеңсіз оқиға бола қалса, жауапты орган өкілдері қаншалықты дайын? 2017 жылдың қазан айынан бастап жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елімізде  тырысқақ дертіне шалдыққан 10 дерек тіркелген. Олардың  сегізі-Қазақстан азаматтары. 

СНХ: БОЛАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІКТЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/аударма/Теміржол вокзалының аумағында күдікті  жұқпалы ауруы бар науқасты анықтауға байланысты  профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып отырмыз. Осыған байланысты жаттығулар да өткізілді. Мәлімет бойынша, көптеген аурулар үшін карантиндік инфекциялардың таралуы өте тұрақсыз болып қала береді. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, әлемнің өзінде 4 мыңнан астам тырысқақ инфекциясын жұқтырған оқиғалар тіркелген.   

РКС: «Қызылорда-Көкшетау»  бағытында жүретін 7-ші жүрдек поезд жаттығу нысаны ретінде таңдалып алынды. Мұнда тырысқақ ауруын жұқтырған адамдармен жақын қатынаста болған науқастардың бірнешеуі бар. Дәрігерлер олардан сауалнама мен тестік сұрақтарға жауап алды.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ГРИШМАНОВСКАЯ, ДӘРІГЕР-ИНФЕКЦИОНИСТ //аударма/  Біз науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп ауруханаға жатқызамыз.  Біз мұнда мұқият қарауға және қайда тасымалдауға болатындығымызды шешуге тиіспіз.

РКС: Барлық жолаушылар ауруханаға жеткізілмей тұрып, керек-жарақтармен қамтамасыз етілуі тиіс.Ол үшін вагонға ішетін ас-суларымен жеке гигиенаға қолданатын қажетті заттары жеткізіледі.  Айта кетейік, мұндай алдын-алу шаралары өңірде жыл сайын өткізіліп келеді.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ, ЮРИЙ ОБЕРДИЕНКО

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
 «БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА  - 20 ЖЫЛ!
18:20, 6 қазан 2017
«БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА - 20 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...