ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

ЕГІСТІК АЛҚАПТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КАРТАСЫ ЖАСАЛУДА

13:18, 6 сәуір 2018

РКС: Кез-келген салада кеңінен қолданысқа енгізіле бастаған сандық технология ауыл шаруашылығы саласын да айналып өтпек емес. Шалғайдағы ауылдардың өзі цифрландырудың шарапатын көре бастады. Кең байтақ жердің заманауи, электрондық картасын жасаудағы мақсат та ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін өрістету. Сонымен, біздің облыс бойынша барлығы 5 миллион 732 мың гектар жерді электрондық картаға енгізу жоспарланған. Қазір осы жұмыстың 43 пайызы орындалды. Яғни, 2 миллион 468 мың гектар алқаптың электрондық картасы жасалған.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ (рус)///Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында он міндетті белгілеп берді. Соның үшінші бағытында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты жаңа тапсырмалар айқындалған. Соған сәйкес, біз ең бірінші кезекте жерлердің электрондық картасын жасауды қолға алдық және біз бұл жұмысты жақындағы бірнеше айдың ішінде аяқтауға тиістіміз. Облыс басшысы бізге осындай міндет жүктеп отыр.

РКС: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді электрондық картаға енгізу жұмыстары аудандарда да қарқынды жүргізілуде. Мәселен, Сандықтау ауданы бойынша қазір 382 мың 400 гектар жердің 150 мың гектары электрондық картаға түсіріліп үлгерілген.  

СНХ:  АСЫЛБЕК ИСМАҒАМБЕТОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ (каз – рус 08-18 контур полей)///Мұның керектілігі. Біздің жасап жатқан іс-шаралардың барлығы бұрынғыдан келе жатқан поляларға бару керек, оны санау керек, қарау керек, қанша уақыт алады?! Мынау цифровизация дегеніміз қазір бәрін компьютерде бір бөлмеде отырып, компьютерден қарайды. Бұл бір жағынан экономика, жанар жағармайға экономика, жүріп-тұруына экономика.         

РКС: Бұл істің тағы бір жаңалығы, ендігі жерде шаруаларға берілетін субсидия да дәл осы электрондық картаға енгізілген жер көлеміне сай берілмек. Сондықтан да, тиімділігі жоғары технологияға көшуге деген қызығушылық жоғары.  Айта кету керек, егістік алқаптардың электрондық картасын қалыптастыру ісіне арнайы Астанадан да студенттер тартылып отыр. Яғни, бүгінгі студент - ертеңгі мамандар Елбасы Жолдауында айтылған міндетті орындауға мысқалдай болсын үлес қосуда.     Облыс бойынша алқаптардың электрондық картасын жасау ісі үстіміздегі жылдың қыркүйегіне дейін тәмамдалуы тиіс. Бірақ, мамандар «ақылды технологияға» ауысуды мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп отыр.

Ә. ҚАМАТАЙҚЫЗЫ       

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...