ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР!

15:15, 30 қаңтар 2018

Жоғары сапалы адами капитал – жаңғыру негізі, жаңа жетістіктерді бағындырудың басты алғышарты. Елбасы Жолдауының жетінші бағыты осы мақсатты көздейді. Бұл орайда ұстаздар қауымына артылар міндет орасан. 25 жылдық еңбек өтілі бар білікті ұстаз Әлия Қайырқожақызы Елбасы Жолдауы білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, - дейді.

Жолдауда нақты міндеттер белгіленген. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, мектепке дейінгі білім берудің бірыңғай стандарты енгізіледі. Ал орта мектептерде жаңартылған білім мазмұнына көшу үдерісі жалғасады. Бұл істе жас ұстаздар да белсенділік танытуға мүдделі. Жаңа білім беру мазмұны оқушыларды бүгінгі заман талаптарына бейімдейді, - дейді жас маман Диана Асылбекқызы.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру ұстаздардың өресіне тікелей баланысты. Сол себепті, біліктілікті арттыру жолдары қайта қарастырылады. Үштілділік, жаратылыстану пәндері бағытына басымдық беріледі. Бұл Жолдау жүктеген міндеттердің бір парасы ғана.

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...