ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ ӘЛЕМДІК ТРЕНДКЕ АЙНАЛАДЫ

14:19, 16 сәуір 2018

РКС: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік бағыттағы стратегиялары қамтылған. Бұл құжаттың ерекшелігі – барлық қазақстандықтардың келешектегі міндеттерін айқын нәтижемен енгізу болып табылады. Жолдаудағы жетінші басымды бағыт адами капиталға арналған. Елбасы өз Жолдауында тарихын, тілін, мәдениетін, сондай-ақ, шет тілдерін еркін меңгерген, заманауи, озық әрі жаһандық көзқарасы қалыптасқан әр қазақстандық қана   қоғамның мінсіз идеалына айнала алады,- деген еді.   

СНХ: АЛТЫНАЙ ТЕМІРБОЛАТОВА, № 11 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗЫ: /// РУС /// (00:50)   В ежегодном Послании здесь дается четкая программа модернизации,... Жыл сайынғы өз Жолдауында Елбасы 10 басым мақсатты шешу үшін білім беру жүйесіне үлкен рөл беріп отыр. Заманауи қоғамның идеалы ретінде әр қазақстандық азамат болуы тиіс. Ол біріншіден, өз туған өлкесінің тарихын, ана тілін, мәдениетін, шет елдік тілдер мен заманауи технологияларды меңгеруі тиіс.

РКС: Елбасы өз Жолдауында адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында білім саласын өз инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың бөлек бір тарауы ретінде қабылдау қажет екенін алға тартуда.

СНХ: ҚУАНЫШ ЫБЫРАЕВА, №5 «ТАҢДАУ» МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:///РУС///(01:14) Образование необходимо ввести свою передовую систему...Білім саласы алдыңғы қатарлы озық жүйемен қамтылуы тиіс. Бұл міндетті іске асыру қолға алынып жатыр. Өткен жылғы бірінші сынып оқушылары білім беру саласының жаңартылған жүйесінде білім алды. Осы жылы олар сол жүйені жалғастырып, екінші сыныпқа өтті. Оларға 5-ші және 7-ші сынып оқушылары қосылды. Келесі жылы, 3-ші, 6-шы, 8-ші және 10-шы сынып оқушылар жаңартылған жүйе бойынша білім алатын болады. Ол үшін ұстаздардың көбісі жаңа жүйенің кусрттарынан өтіп жатыр. Өткен жылдан бастап «Kundelik» электронды журналы енгізілді. Мұндай тәсіл ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, бағалау жүйесін ашық түрде жүргізуге мүмкіндік берді.  

РКС: Білім саласы бәсекеге қабілетті, заманауи трендтерге сәйкес келетін, уақыт талабына сай болуы керек. Сондықтан, бір арнаға біріккен қазақстандықтар төртінші өндірістік революция жағдайында тарихи кезеңге қадам басып жатқанын ескеруі қажет.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...