ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНЕ САЯХАТ» ДИАЛОГТЫҚ АЛАҢЫ

16:37, 9 қараша 2017

  1. 2013 жылы жұмысын бастаған Аналар кеңесінде бүгінде түрлі этнос өкілдерімен қоса облыс орталығындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері де мүшелік етеді. Осы орайда, қалалық №11 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Аналар кеңесінің мүшесі Зәуреш Қақабаеваның жетекшілігімен 40-қа жуық оқушы Шымкент, Түркістан қалаларына барып, сол өлкенің киелі жерлерімен танысып қайтқан болатын. Ал Аналар кеңесі бұл бастаманы ары қарай жандандырып, оңтүстіктегі киелі жерлермен танысып қайтқан оқушылармен кездесу ұйымдастырды.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы мұндай бастама бұл жолы оқушылардың өз қаражаты есебінен болды. Алайда, диалогтық алаңға келген мәдениет басқармасының мамандары алдағы жылы «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында осындай үлгідегі шараларға қаражат бөлуді қарастыру қажеттігін алға тартты.

Ақмола өңірі де киелі жерлерге бай. Бүгінде өңірде 2000-ға жуық ескерткіш бар. Қазіргі таңда «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығы Қазақстанның 100 киелі орнының тізімін әзірлеумен айналысуда. Аталған тізімге Ақмола облысынан 10 бірдей нысан енгізілген. Ал киелі жерлердің өңірлік картасына 36 нысан кірген. Алда облыстағы білім беру мекемелерінің оқушыларын бұл жерлермен де жақынырақ таныстыру жоспарда бар.

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...