ШҰҒЫЛ! ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТАРИХИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАСТАУЫ

20:16, 11 сәуір 2018

РКС: Осыдан бір жыл бұрын жарыққа шыққан Елбасының мақаласы бүгінде елдің дамуын жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық сананы жаңғыртуда үлкен өзгерістерге жол ашып отыр. Бағдарламалық құжатта 2025 жылдан бастап толықтай латын әліпбиіне көшу міндеті қойылады. Ол үшін өткен тарихқа көз жүгіртпеске болмайды. Бүгінде облыстық мемлекеттік архиві латын графикасымен жазылып, сақталған құжаттарды қайта қарап, оны халыққа көрсетіп, таныту жолында жұмыс жасап жатыр.    

СНХ: ТАЛАПКЕР УӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ/// каз/// Біздің архивте, мысалға, «Қазақ әліпбиін латындандырудың тарихы» атты жинақ шыққан болатын. Сол жинақ бойынша біз бүгін көрме ұйымдастырып отырмыз. +скл+ Бұл құжатта 20-40 жылдар арасындағы газеттерде жеке тұлғалардың құжаттарының латын тілінде жазылғанын айқын көре аламыз. Сондықтан да бұл біздің тарихымыздың бір өткен белесі, оны бүгін де қолдануға мүмкін екеніне айғақ, дәлел ретінде көрсетіп жатырмыз.    

РКС: Бүгінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін 2025 жылға дейін латын графикасына көшіруге бағытталған жұмыс жоспарына сай халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алып отыр.  Өткен жылдың өзінде осы бағытта 200-ден астам іс-шара өткізілген. Оған филолог мамандар мен тіл жанашырлары да атсалысуда.    

СНХ: МАРАЛ ЖАҚЫПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///каз/// Біз бүгінде жоғары, орта білім беретін оқу орындарында қызмет етіп отырған біздің тіл мамандарының, ғалымдардың тізімін жинастырып, спикерлер тобын құрып жатырмыз. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсететін мекемелердің ұжымдарын, үлкен кәсіпорындардың ұжымдарын, ауылдық жерлердегі елдімекендерді қоса отырып, үлкен кесте жасап жатырмыз. Сол кесте бойынша жуырда халық арасына барып, түсіндіру, насихаттау жұмысын жандандырамыз деп отырмыз. 

РКС: Тіл мамандары мен ғалымдар, студенттердің қатысуымен өткен кездесуде латын әліпбиіне біртіндеп көшудің жолдары, жүзеге асырылып жатқан жобалар жайы да сөз болды. Мемлекеттік тілді дамыту қоры бүгінде электронды форматта әзірленген бірқатар маңызды жобаларды қолға алған. Олар мобильдік қосымшалар мен түрлі порталдар. Кездесу барысында смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптері бар қазақша пернетақтаға қатысты жаңа жоба көпшілікке таныстырылды. Ол қазақ сөздерін кириллицамен теріп, кейін оны автоматты түрде латын әліпбиіне көшіруге немесе керісінше жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, кез-келген азамат латын графикасын мобильдік қосымша арқылы-ақ үйренуге машықтана алады.      

СНХ: АЗАТ ШӘУЕЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///каз/// «soile.kz» деген онлайн курсымыз бар қазақ тлінде тегін үйрететін. Онда бүгінгі таңда 80 мыңға жуық адам дүниежүзінен тіл үйреніп жатыр. +скл+  латын әліпбиінің бектілгенін күттік, орыс тілді азаматтарды қазақ тіліне үйретіп жатырмыз ғой, енді біз ағылшын тілді азаматтарға қазақ тілін латын әліпбиімен үйрететін боламыз. Сондай бағдарлама жасап жатырмыз. +скл Жобаларымыздың көпшілігі, интернет-жобалар, мобильдік қосымшалар, өйткені өзіңіз білесіз, қазір қазақстанның 70 пайыздан астам тұрғыны интернетті белсенді қолданады. Жастарымыздың барлығы смартфон арқылы интернетте отырады.  

РКС: Бұдан бөлек, мемлекеттік тілді дамыту қоры Елбасы бағдарламасының аясында «sozdik.soyle.kz», «Абай әлемі», «Менің Қазақстаным», «Жеті қазына», балаларға арналған «Тәтті алма» атты веб-сайттар мен мобильдік қосымшаларды әзірлеген. Бұл жобалардың барлығын технология дамыған заманда ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңірудің заманауи жолдары деуге де болады.      

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар