ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨЗЕГІ!

12:49, 19 сәуір 2018

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мәдениет ошақтарының қызметіне жаңа серпін әкелді. Бұлай болуы заңды құбылыс. Себебі, мәдениет мекемелерінің қызметі - рухани кемелдіктің қайнар бастауы. Өткен жылда атқарылған жұмыстың басым бағыты ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Бұл жас буын ұлттық руханият уызынан кенде қалмауы үшін аса  маңызды қадам.

СНХ: ЖАНАТҚАЗЫ ДӘМЕЛҒАЗЫ, «КӨКШЕ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ///  Өткен жылы атқарылған іс-шаралардан айтатын болсақ, біз қазақи құндылықтарды дәріптеуге, дәстүрлі ән өнерін насихаттауға бағытталған қызмет атқардық. Мысалы, шәкірттеріміздің алды республикалық шаралардан лауреат атанды, Ресейдің Челябинск қаласында шәкіртіміз халықаралық байқаудан бас жүлдені еншіледі.  + Осының барлығы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар.

ГЕО: АҚКӨЛ

РКС:  Рухани құндылық көзі ретінде әлмисақтан  кітаптың орны ерек. Білім мен ғылымның қайнар бастауы болған кітапхана өзінің қоғам өміріндегі орнын жоғалтпақ емес. Елбасының бағдарламалық мақаласында белгіленген бағыттарды жүзеге асыруда да өңір кітапханашыларының өз үлесі бар.

СНХ: ЛЮДМИЛА ЛЫСАКОВА, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //// Ақкөл аудандық орталық кітапханасында Елбасының бағдарламалық мақаласында аталған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты атқарылады. Біз өз оқырмандарымызды аталған мақаланың мазмұнымен, оның мақсатымен таныстырамыз. Бұл істе ауылдық кітапханалар да қалыс қалмайды. Біздің ауданнан Киелі нысандар реестріне 6 киелі орын енгізілді. Осы нысандардың насихатталуында, олардың тарихи-мәдени құндылығын дәріптеуде жергілікті кітапханалар жүйесі өз үлесін қосып отыр.

РКС: Бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эвалюциялық жолмен дамуы, сананың ашықтығы. Мұның барлығы рухани жаңғырудың жемісі болмақ. Демек, рухани кемелдік ел дамуының өзегі, болашақтың бағдарын айқындайтын басты фактор.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...