ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ

14:44, 17 қараша 2017

Мақалада ағылшын тілін меңгеру, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін түзу туралы тұшымды ойлар айтылған. Бұл әлем өркениетіне, білім мен ғылымға қарай жасалған қадам. Әрбір қазақстандық жаһандағы жаңалықтарды біліп, ғылыми техникалық прогресстің өнімдерін емін-еркін игеруі керек. Сол уақытта Қазақстанның даму қарқыны еселене түспек.     

Мақалада айтылған мәселелер бір-бірімен ұштасып жатыр. Сана ашықтығы, яғни төрткүл дүниеге ашық болу. Сонымен қатар, ел мен жерді, Отанды сүю айтылған. Бұдан ұққанымыз, ғаламның қай жерінде болмасын, қазақстандықтар еліміздің мүддесі үшін еңбек ету қажет.  

Рухани жаңғыру үрдісі бір жылда атқарылар жұмыс емес. Бұл әр адамның іштей өзгеруі, сол арқылы қоғамның өзгеруі. Тек жақсы қасиеттер мен дағдыларды бойына жиған қазақстандық қоғам білім мен ғылымның, өркениеттің алдыңғы қатарында болуы керек. Елбасының мақаласы осыны көздейді.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...