ШҰҒЫЛ! СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

12:50, 8 қараша 2017

Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз қажет екендігін Елбасы атап өтті. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен дінімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Президент мақаласын түсіндіріп, насихаттау үрдісінде түрлі қоғамдық бірлестіктердің де алатын рөлі зор.

Бүгінгі Қазақстанның кезекті жаңғыруы – еліміздің ілгері басып, дамуы деп білеміз. Біздің еліміз неғұрлым дамыған елдер қатарына қарай батыл ұмтылуда. Осы бағытта жетістікке жету үшін әрине, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы қажет. Өйткені, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті деген үздік 50 елінің қатарында, алайда алдымызда үздік отыздыққа ілігу мақсаты тұр.

Мемлекет пен ұлт үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ал ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделіп, нақты мақсат-міндеттер қоя білу керек. Қазақстан халқының көздегені «Мәңгілік ел» болу. Ендеше, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін  алдымен әлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу қажет.

Бибінұр Әмірханқызы, Юрий Обердиенко

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
19:39, 30 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:54, 31 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...