ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

18:49, 4 сәуір 2018

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақмола облыстық архивтер мен құжаттар басқармасы үш ішкі жобаны қолға алған: «Архивтік құжаттардағы Ақмола облысы», «Өлке тарихы – ел тарихы», «Тарих толқынында».      

СНХ: ТАЛАПКЕР УӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ///каз/// Біз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен меморандумға қол қойып, екі мекеме арасында ынтымақтастыққа бағытталған іс-шаралар өтуде. Атап айтсақ, Ш.Уәлиханов атныдағы мемлекеттік университеті тарих мамандығының 3-курс студенттері архивтік тәжірибеден өтуде. Олар архивте тарихи құнды құжаттармен танысып, сол құжаттар бойынша өздерінің ғылыми жұмыстарын жасап, тырнақалды еңбектерін жарыққа шығаруға мүмкіндік алуда. +скл+ Студенттерге біздің білікті мамандарымыз көмек көрсетіп, нұсқауларын береді.

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында облыстық мемлекеттік мұрағатта жыл басында көрме залы ашылды. Онда 300-ге жуық эскпонат орналасқан. Олардың қатарында кітаптар, фотоқұжаттар мен карталар бар. Экспонаттардың басым бөлігі көшірмелер, алайда кейбір құжаттар түпнұсқада қойылған. Қаңтар айынан бері өңірдің тарихымен жақынырақ танысамын деген 1600-ге жуық адам көрмені тамашалаған.    

 

СНХ: ДИНАРА АЙТҚОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТТЫҢ АРХЕОГРАФЫ ///рус/// Аталмыш көрме залында 7 тарихи кезең көрсетілген. Қазан төңкерісіне дейінгі, 1917-40 жылдар, Ұлы Отан соғысы жылдары, тың игеру, 1960-80 жылдар және тәуелсіздік жылдары қамтылған.  Бұдан бөлек Ақмола, Көкшетау облыстарын түрлі жылдарда басқарған азаматтар жайында да мәліметтер бар. 

РКС: Бүгінде облыстық мемлекеттік мұрағаты өңірдегі орта білім беретін мекемелермен де бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі архив жанынан құрылған «Жас зерттеуші» клубы. Оның құрамында облыс орталығындағы мектептерден іріктеліп алынған 30 оқушы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қамтитын тақырыптары сан алуан.

СНХ: ДИНАРА ТҮЛКІБАЙ, №18 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ///каз///Біздің қазіргі негізгі мақсатымыз - Көкшетау қаласындағы көшелердің атауын зерттеу, оның тарихын, не себепті олай аталғанын көбі біле бермейді. +скл Осы тақырып қызығушылығымызды туғызды және осы тақырыпты біз барынша тырысыпы, зерттеп келеміз. Алдағы уақытта қорғайтын боламыз.  

РКС: Бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі ретінде облыстық мемлекеттік мұрағаты ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарын басып шығарып, «Жас зерттеушілер» клубының еңбектерін кітапша түрінде жарыққа шығарады.

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...