ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!

17:31, 12 желтоқсан 2017

Жас ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін туған тарихты тереңінен білуге аса мән беру керек. Сондықтан, бүгінгі таңда «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды болып тұр. Яғни, білім беру саласында тарихи-өлкетану жұмыстарын жүргізіп, орта мектептерде туған жердің тарихын оқытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Рухани жаңғырудың негізі – осыда болмақ.

Елбасының мақаласына орай, «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру да маңызды. Әрбір халықтың, өркениеттің баршаға ортақ қасиеттері жерлері болады. Оны сол халықтың әрбір азаматы білуі тиіс. Бұл – рухани дәстүрдің негізгі діңгегі. Қазір елімізде Елбасының мақаласында көрсетілген міндеттер нақты жүзеге асырылуда.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне іңкәрлікпен атсалысу – әрбір азаматтың пазыры. Сондықтан, Елбасы өзінің мақаласында ұсынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында экологияны жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға, жергілікті тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру көзделуде.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...