ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

14:14, 26 желтоқсан 2017

Жастарды белгілі бір аспапты меңгертумен ғана шектелмей, олардың ән-күй өнерінің әлеміне тұтас бойлай білуін ойластырған Біржан сал атындағы колледжінде қазіргі күні 140 білім алушы бар. Жеті түрлі мамандық бойынша білім берілетін оқу ордасы осы уақытқа дейін талай талантты түлеткен. Мәдениет пен әдебиет, өнер мен өркениет ұғымдарын ұтымды ұштастырған шығармашыл ұжым үшін Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы да жаңа жобаларды жүзеге асыруға бастама болған. Нақтырақ айтар болсақ, белгілі бір әнші мен күйшінің шығармашылығына тоқталатын лекция-концерт ұйымдастыруды қолға алған.

Аталған жаңа жоба бойынша желтоқсанның соңында Біржан сал мен күй атасы-Құрманғазының өнері ұлықталса, қаңтар айының соңында Ақан серінің әндері шырқалып, Тәттімбеттің күйлері төгілдірілмек. Кейін Үкілі Ыбырай мен дәулескер күйші Дәулеткерейдің өнері таныстырылмақ.

Айта кету керек, жақында өткен «Қасиетті домбыра» байқауы да төл өнердің тамырына қан жүгіртіп, оның жаһандық дәуірде жаңа серпінмен қайта түлеуіне септігін тигізді.

М.Болатұлы, Ә. Қаматайқызы

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...