ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛЫ МҰРАТ!

16:56, 23 қараша 2017

Мәдениет саласында талай жыл мәнерлі тер төккен маңғыстаулық Сабыр Адай «Әр қазақ – менің жалғызым» деген бір-ақ сөзімен халық жүрегінен орын тапқан ақын. «Менің елім  – мендік ойдың асылы» деген шайырдың өлеңдерінің көпшілігінен өз еліне,  туған жерге деген шынайы махаббаты айқын сезіледі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жүзеге асуына өзіндік үлес қосуды Сабыр Шеркешбайұлы да өзіне міндет деп біледі. Осы тұста айта кету керек, ақын Маңғыстау жерінде орналасқан  «Отпан тау» тарихи – мәдени кешенін ашу керек деп  ой қозғаған жан. Аталмыш нысан қазір өткен тарихтан сыр шертетін тарихи орынға айналған.

Көкшетауға арнайы ат басын бұрған  ақын Дәулеткерей Кәпұлы да ұлт болып қалыптасудағы ұлы мұраттың бірі – рухани жаңғыру екенін айтады. Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде ұстаздық етіп жүрген ақын көкшетаулық жастармен кездесу барысында да Елбасының мақаласына қатысты өз ойларымен бөлісті.

Елбасы аталған бағдарламада бірінше міндетті алға қойды. Атап айтар болсақ,  мақала шеңберінде  «Туған жер» бағ­дар­ламасы қолға алынды және одан  бөлек,  халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру көзделіп отыр. Мемлекет басшысы ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек деген болатын. Бүгінде мақалада айтылған істердің барлығы да өз ретімен жүзеге асуда.

Ә. Қаматайқызы

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...