ШҰҒЫЛ! КИНОТЕАТРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЖАС ҰРПАҚҚА – ҰЛАҒАТ!

14:16, 25 қазан 2017

1200-ге жуық студенті бар Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі 7 бөлім бойынша мамандар даярлайды. Бүгінгі заман сұранысына сай сапалы білім беруді басты орынға қойған оқу орнында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде бірқатар жұмыстар қолға алынған. Атап айтар болсақ, көптеген сабақтар аталған мақалада айтылған міндеттермен ұштастырып өткізіледі. Мәселен, география пәнінде оқушылар үшін «Туған жер» бағдарламасына сай өңірдегі киелі орындардың тарихы кеңінен түсіндірілуде. Сондай-ақ, жақында «Тарихи ескерткіштер-ұлт құндылығы» жобасы қолға алынып, оның аясында студенттердің Көкшетау қаласындағы мәдени-тарихи орындарға саяхат жүргізуі ұйымдастырылып отыр. Оған апта сайын 70 оқушыны қатыстыру көзделіп отыр.

Елбасы мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, 21 ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» делінген. Шынымен де, латын қарпіне көшу - бүгінгі заман талабы. Аталған оқу орнында да латын әліпбиіне көшуге қатысты да бірқатар жоспарлы жұмыстар жасалған.

Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жас буын үшін латын әліпбиін үйрену ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес» деп сенім білдірген болатын. Студенттер аталған сенімге селкеу түсірмейміз деп отыр.

Жанайдар  Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы алдағы қараша айында студенттерді Бурабай, Зеренді, Айыртау аудандарындағы тарихи орындармен таныстыруды жоспарлап отыр. Ал,   желтоқсан айында «Мәдени генетикалық код: тарих және дәстүр» атты қалалық съезд ұйымдастырмақ.  

Ә. Қаматайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...