ШҰҒЫЛ! СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ

19:18, 14 мамыр 2018

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Архив құжаттарындағы Ақмола облысы» ішкі бағдарламасы аясында құрылған «Жас зерттеуші» клубы мектеп оқушыларына туған жердің тарихы, өлкенің әйгілі адамдарына қатысты деректермен жұмыс жасап, жинаған материалдарын сабақ барысында қолдануға мүмкіндік беретін бірегей жобалардың бірі, - дейді архив қызметкерлері.  

СНХ: ТАЛАПКЕР УӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ /// каз/// Оқушылар «Жас зерттеуші» клубының аясында өздерінің тырнақалды еңбектерін жазып, ғылымға алғашқы қадамдарын басып, үйреніп жатыр. Біздің архивтің мамандары оқушылармен жұмыс жасап, оларға өздерінің кәсіби көмектерін көрсетіп жатыр.

РКС: Клуб мүшелерінің айтуынша архив құжаттарымен жұмыс жасай отырып, олар Ақмола облысына қатысты құнды мәліметтерді білуге мүмкіндік алады. Олар ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыптары аясында облыстық архив материалдарымен танысып, оқу залында жұмыс жасайды.   

 

СНХ: НИКИТА ФИЛАТОВ, №11 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ///каз///Біздің облыстық мемлекеттік архивіне рахмет айту керек. өйткені олар бізге өте жақсы мүмкіндік беріп отыр. Біз архивтің құжаттарымен таныстық. Жалпы бізге, клуб мүшелеріне өлкенің тарихы қызық. +скл+ Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында біздің мектептен 100-ден астам оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне барды. Олар Түркістан, Отырар, Сауранға бардық. +скл+ маған өте ұнады. Ол Қазақстанның ұлы, киелі жерлері.  

РКС: Клуб мүшелері өздерінің дайындаған зерттеу жобаларын мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен сан алуан тақырыпта өтетін конференцияларда қорғап, талқылайды. Бұл дарынды оқушылардың өз мүмкіндіктерін одан әрі шыңдауына, олардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге үлкен септігін тигізбек, - дейді архив мамандары.      

ӘЙГЕРІМ БЕКМАҒАМБЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨЗЕГІ!
12:49, 19 сәуір 2018
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨЗЕГІ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
19:39, 30 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:54, 31 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...