ШҰҒЫЛ! ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ Толығырақ

Тақырыбы: САНАҒА СЕРПІН БЕРЕР ЖОЛДАУ

12:18, 19 сәуір 2018

РКС: Мемлекет басшысының халыққа жария еткен биылғы Жолдауының 10 негізгі басымдықтары 100 нақты қадам «Ұлт жоспарының» жалғасы іспеттес. Елбасының «білім беру саласын экономиканың жеке саласы ретінде дамыту керек» деген ойы да – жаңашыл әрі өзекті мәселе. Сондықтан, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капиталға қатысты маңызды тұжырымдар зор мүмкіндік туғызбақ.

СНХ: АЗАМАТ БІРЖАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: /қаз/ Адами капитал. Маған өзіме жақын тұратыны. Себебі, адам адаммен жұмыс жасауы керек. Адами капиталды өсіру керек. Өкінішке орай, талабы зор, болашағы мол жастар шетелге кетіп жатқаны шындық. Соның өзінде қалған жастарымызға көңіл бөліп, олармен көп жұмыс жасау керек. + «Нұр Отан» партиясының басты мақсаты бұл бағыттардың барлығын жүзеге асырумен қатар, халық арасында оны насихаттау болып табылады. +Өйткені бұл Жолдау дұрыс түсініп қарасаңыз әр тармағы адамның қолынан келетін дүние. 

РКС: Президент өз Жолдауын іске асыруда Үкімет пен халыққа елеулі міндет жүктейді. Білім мен рухани жаңғыруға байланысты осыған дейінгі ізденістер Елбасы бастаған 10 маңызды бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді сапаландыра түседі.

СНХ: ЗАРИНА ТЕЗЕКБАЕВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: /қаз/ Жолдауда білім саласына ерекше көңіл бөлінген. Жалпы білім саласы Қазақстанның экономикасының дамуна үлкен үлес қосады. Сол мақсатта оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін  мұғалімдердің жалақысы көбейтілуде. Біз үшін жастар үшін жасалынып жатқан дүниелер. Сондай-ақ, Елбасы агроөнеркәсіп саласына да айрықша көңіл бөлген. Осы салада білім алып жатқан студенттерге сапалы білім беру, өз кәсібін шыңдау жағынан көп мүмкіндіктер жасалуда.

РКС: 2030 жылға жоспарланған қыруар межені аз ғана уақытта еңсеру – елдің даму екпінін және білімі мен білігін айқындайды.  Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы халықтың болашаққа деген сенімін бекіте түсті. 

Айгүл Бекетқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар