ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢ ТІК!

17:33, 6 қыркүйек 2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жүктелген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ерейментау ауданында ауқымды шаралар қолға алынған. Солардың бірі көне тарихи ескерткіштер мен ескі қорымдарды зерттеп, зерделеуге бағытталған «Елдіктің бастауы – ерліктің дастаны» атты тарихи-этнографиялық экспедициясы. Ерейментаулықтардың пайымдауынша, Елбасы атап көрсеткен «Туған жер» бағдарламасы келер ұрпаққа патриоттық бағытта тәрбие беруге, тарихта өткен батыр - бабалардың есімдерін қайта жаңғыртуға жол ашып отыр.

Экспедиция құрамы Ерейментау өңіріндегі ертедегі сақ дәуірінің қорғандары мен түркі бабалардан қалған «Қос батыр» балбал тастарды аралады. Сондай-ақ «Ерлік ғасыры» атанған кешегі жаугершілік заманда, «Қазақтың қамал қорғаны» болған қанжығалы қарт Бөгенбай батыр, Үмбетей жырау, Саққұлақ би мен Олжабай батыр, дала абыздары Тоқмағанбет мазарының басында болды. Мұндағы мақсат - өткеннен тағылым алу арқылы ұлттың рухани байлығын арттырып, сананы жаңғырту.

Экспедиция барысындағы жинақталған материалдар болашақта жүйеленіп, жаңа ғылыми зерттеулермен тереңдетіліп зерттелетін болады. Сондай-ақ өлкетану жұмыстарының нәтижесінде тарихи киелі жерлерді қамтитын кешенді-туристік маршрут қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылмақ.  Бұл ретте Елбасының бастамасымен қолға алынған «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы» бағдарларамаларының алар орны ерекше.  

Ерболат Серікбай

 

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
20:22, 20 маусым 2018
ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ВИДОВ СПОРТА
Толығырақ...