ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ЖӘДІГЕРЛЕР ЖАҢҒЫРТАР ЖОБАЛАР

15:46, 26 сәуір 2018

РКС: Зеренді ауданы  - Ақмола облысының тарихы тереңде жатқан –өңірлерінің бірі. Аталмыш аймақтың Қошқарбай елдімекені жанындағы қорымда еліміздің танымал археолог-ғалымы Виктор Зайберт археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, қола дәуіріне қатысты деректер анықтаған. Бүгінде бұл жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы жәдігерлерге ғылыми сипаттама жасап, иллюстрациялық кітап етіп шығару жоспарланған.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ///Каталогиясын жасап, фотосуреттерін түсіру, ғылыми описаниясын келтіру. Белгілі археолог-ғалымдарымызды Зайберт Виктордың кеңесін алу сияқты мақсаттар көзделген. Бұл жобаның мақсаты, қорытындысы - қосымша мектеп оқушыларына арналған иллюстрацияланған ғылыми описаниясы бар кітапша шығару.///

РКС: Облыстық тарихи-өлкетану музейі сондай-ақ, «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» атты жобаны қолға алмақшы. Жоба Елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.

СНХ: НАРГИЗ АХМЕТҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ МАМАНЫ   ///АУДАРМА: Жобаның басты мақсаты - Есіл өзеніне кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу. Сөйтіп, өзенге анықтамалар жасау көзделуде. Жоба аясында Жарқайың, Атбасар, Астрахан, Аршалы, Целиноград аудандары мен Астана қаласына экспедиция жасалады. ///

РКС: Аталмыш жоба 2 жылға жоспарланған. Оның қорытындысы ретінде мақалалар жарияланып, оқушыларға дәрістер оқу, кітап шығару және ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу көзделеді.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
19:18, 14 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨЗЕГІ!
12:49, 19 сәуір 2018
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨЗЕГІ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...