100 ПОЛИЦЕЙ АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚТАН ӨТТІ

Елдегі қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларынан асқан жауапкершілік талап етіледі

17:11, 20 сәуір 2017   247

Елдегі қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларынан  асқан жауапкершілік талап етіледі. Сондықтан полиция қызметкерлерінің кәсіби білімі мен біліктілігі сақадай сай болғаны абзал. Осы орайда ішкі істер департаментіндегі жаңа құрылым - арнайы даярлық басқармасының алар орны ерекше.

Арнайы даярлық басқармасы өткен жылдың соңында жасақталған. Басты мақсат қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын жетілдіруге бағытталған. Дәріс барысында білікті мамандар қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс, арнайы қорғаныс құралдарымен жұмыс жасау шеберліктерін шыңдай алады.

Оқу-жаттығу сабақтарынан бөлек, полиция қызметкерлерін психологиялық тұрғыда даярлау дәрістері де ұйымдастырылады. Бұл қызметкерлер арасында өзара қарым-қатынас орнатып, бірлесе әрекет етуге, түрлі кедергілерді жеңуге дағды қалыптастырады.   

Оқу - жаттығу кезінде тәртіп сақшыларының төтенше жағдайларға төтеп берулері үшін физикалық, тактикалық әзірліктері мен психологиялық даярлығы  қатаң тексеріледі. Арнайы даярлық басқармасы құрылғалы Ішкі істер департаментінің 100 - ден астам қызметкері білім мен біліктілігін жетілдіруге мүмкін алған.

 

Ерболат Серікбай, Арман Балбергенов

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75